Біліктілігі: филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры. Білімі: Алматы қ. № 12 қазақ орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1981 жылдан 1986 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқыды (үздік диплом), 1988-1991 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ күндізгі аспирантурасында, 1991 жылы 10.02.02 – КСРО халықтарының тілдері мамандығы бойынша «Қазіргі ұйғыр тілінің етістік фразеологизмдерінің семантикалық-морфологиялық сипаттамасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 2003 жылы 10.02.02 – Қазақ тілі мамандығы бойынша «Қазақ фразеологизмдерінің семантикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Жұмыс тәжірибесі: 1986-1988 – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының қазақ тілі оқытушысы; 1988-1991 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да күндізгі аспирантурада оқыды; 1991-осы күнге дейін – доцент, 2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры, 2006 жылдан бастап тіл білімі мамандығы бойынша профессор; 2005-2007 жылдары ҚазҰУ мен ММЛУ арасындағы келісім бойынша Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің профессоры, қазақ тілі мен мәдениеті орталығының жетекшісі; М. Ломаносов атындағы ММУ жанындағы ИСАА профессоры болып жұмыс істеді; 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің түркология кафедрасының меңгерушісі. Жарияланымдар: 150-ден астам ғылыми жарияланым бар, оның ішінде: 2 монография, 2 оқулық; 5 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік әзірлеме, 2 оқу сөздігі, жалпы тіл білімінің іргелі курстары бойынша 10-нан астам үлгілік бағдарлама; Мемлекеттік стандарттардың авторы (Шығыстану (магистратура; РҺД), түркітану (бакалавар, магистратура). Қосымша мәліметтер: 10.02.02 – Қазақ тілі (2); 10.02.19 – тіл білімі теориясы (3); 10.02.20 – салыстырмалы-тарихи типологиялық және салыстырмалы тіл білімі (6) мамандықтары бойынша 11 ғылым кандидатын дайындады. Ғылыми қызығушылық саласына жалпы және түркі тіл білімі, лингвомәдениеттану, екі тілді лексикография мәселелері, сондай-ақ түркі тілдері фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің мәселелері кіреді. Қазақ тілін шет тілі ретінде және Ұлттық аудиторияда оқытуда тәжірибем бар, екінші тілді меңгеру теориясы бойынша теориялық курстарды оқимын, екінші тілді оқытудың инновациялық әдістемелерін меңгеремін, орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқытуда оқытудың жаңа технологиял


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Орта-Азиялық университеті
жоғары білімнен кейінгі білім
2006

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

1986

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
21.02.1992
Доктор
25.03.2004

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
25.03.2004
профессор
28.11.2006
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Мемлекеттік грант "2007 жылғы ЖОО үздік оқытушысы"
Қазақстан гүлденуіне қосқан айрықша үлесі үшін" ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы
"Шапағат" медалі
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0